Қазақстанда жалдамалы пәтерге ие болғандар 2016 жылдан бастап салықты төмен мөлшерлемемен төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.

Оның мәліметінше, бағдарлама аясында жалға берілген пәтерлерді жалға алушылардың қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында холдинг республиканың Салық кодексіне түзету енгізу бойынша жұмыс жүргізген.
"2016 жылдан бастап пәтерлерді жалға алғандар мүлік салығын жеке тұлғалар үшін қарастырылған, 1,5 пайыздан 0,25 пайызға дейін төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлейтін болады", - деді Қуандық Бішімбаев брифинг барысында.
Айта кетейік, бүгін брифинг барысында холдинг басшысы жалға берілетін пәтерлерді тұрғызу мен тапсыруға қатысты жалпы аумағы 306,5 мың шаршы метр 5 416 пәтерге қосымша келісімшарттың жасалғанын айтты. Жыл соңына дейін жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 262,5 мың шаршы метр 4 596 пәтер Астана, Семей, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларында беріледі. Жалпы аумағы 44 мың шаршы метр 820 пәтер 2016 жылы Қызылорда мен Шымкентте беріледі.