Қазақстан ипотекалық компаниясының басшысы Азамат Ибадуллаев Астана мен Алматыдағы тұрғын үйлердің бағасын "қисынсыз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.
Қазақстан ипотекалық компаниясының басшысы Азамат Ибадуллаев Астана мен Алматыдағы тұрғын үйлердің бағасын "қисынсыз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.
"Иә, расында да, риторикалық сұрақ екен. Оны бізге үнемі қояды. Шынымды айтсам, Астана мен Алматыдағы тұрғын үйлердің бағасы сәйкес келмейді деп есептеймін. Нарықта сатылып жатқандар. Бұл менің жеке пікірім, компанияның пікірі емес", - деді Азамат Ибадуллаев БАҚ өкілдерінің Қазақстандағы тұрғын үй бағасына қатысты қойылған сұрақтарына жауап беріп.
"Бұл жерде жалпы мынадай сұрақтар қойылды: Мемлекет неліктен бұл секторға араласады, құрылыс жүргізеді тағысын тағы. Біз жай ғана қажетті нарықты қалаймыз, олардың арасында жалдамалы пәтер нарығы бар, олардың қатарында отандық компанияларды, отандық құрылыс материалдарын және тағы да басқаларды қатыстыру бар. Мұның барлығы бағаны төмендетіп, еліміздің азаматтарына тұрғын үйді қолжетімді ету үшін жасалады", - деді Қазақстан ипотекалық компаниясы басқармасының төрағасы.
Сонымен қатар, Азамат Ибадуллаевтың айтуынша, қазақстандықтар үшін баспаналы болу ең маңызды инвестиция болып есептеледі. "Бұл көлік емес, костюм емес, бұл ең маңызды инвестиция, сондықтан ол арзан бола алмайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының үкіметі, "Бәйтерек" холдингінің бағаны түсіру үшін барлық жұмысты істеп жатқаны белгілі. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз жарты жылға толмайтын уақыт аралығында бұл бағыт бойынша біршама ілгеріледік. Ал 2020 жылға қарай немесе жалпы жағдай қалай болады, ол туралы біз алдын-ала болжай алмаймыз", - деді Ибадуллаев.