Парагвайда 10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды BBC News.
Парагвайда 10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды BBC News.
БҰҰ кеңесі жәбірленушінің құқығы бұзылғаны үшін Парагвай билігін кінәлап отыр. Парагвайда ана өміріне қауіп төніп тұрған кезде түсік жасатуға тыйым салынған. Заңда зорланған немесе жас аналардың жағдайы қарастырылмаған. Қазір қыз жүктіліктің 23-ші аптасында. Денсаулық сақтау министрі Антонио Баррос түсік жасатуға қарсы, ол оқиға жақсы нәтижемен аяқталады деп сенеді.
Қызды зорлады деген күдікпен полицейлер 42 жастағы ер адамды ұстады. Дегенмен ол өз кінәсін мойындамай отыр.
Басылымның хабарлауынша, анасы қызды ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер ісік бар деп қауіптенген.
Айта кетейік, жеті миллионға жуық тұрғыны бар Парагвайда жылына 14 жасқа толмаған 600-ге жуық қыз екіқабат болады.