12 мамыр 2015 10:58

Өскеменде екі саяжай өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Өскемендегі "Рябинушка" елді мекенінде екі бірдей саяжай өртеніп кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскемендегі "Рябинушка" елді мекенінде екі бірдей саяжай өртеніп кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға 9 мамырда болған. Өрт үй аулаларының біріндегі шөптің тұтануынан шыққан. Үшінші үйдің құрылыс материалдары да жанып кетті. ШҚО Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, өртке жергілікті тұрғындардың отпен дұрыс жұмыс істемеуі себеп болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Адем" сауда үйі өртенгені хабарланған болатын. "Өрт 27 сәуірде 06.35-те локализацияланды. Ғимарат іші қайта құрылымдалған, ғимаратта көптеген тауар мен манекен болды, олар өрт кезінде улы газ шығарды. "Адем" сауда үйінде газ баллондары сақталған, олар өрт шалған кезде жарыла бастады", - деді ТЖД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 465.64   490.7   5.46 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети