Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдың пенитенциарлық ведомствосының басшысы Хасан Сухагиге сілтеме жасап.
Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдың пенитенциарлық ведомствосының басшысы Хасан Сухагиге сілтеме жасап.
Хосни Мүбарак 9 мамырда шыққан сот шешіміне қарамастан қамаудан босатылды. Ол кезде мысырдың экс-президенті мен оның екі ұлы Әли мен Гамал жемқорлықпен айналысқандары үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, тергеу амалдарының үш жылға созылғаны белгілі болды. "Бас прокуратура істі тергеу уақыты үш жылға созылғандықтан, ол өз айыбын толық өтегенін хабарлады", - деді жергілікті ақпарат құралдары. Бұрынғы президенттің ұлдары әлі де қамауда отыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, Хосни Мүбарак пен оның ұлдары мемлекет басшысының сарайын жөндеуге бюджеттен бөлінген 18 миллион долларды заңсыз иемденген. Дегенмен, қаржының экс-президент отбасының жеке үйі мен кеңселерін жөндеуге және оның дизайнына жұмсалғаны белгілі болды. Жергілікті ақпарат құралдары процесті "сарай туралы іс" деп атап кетті. Айта кетейік, кассациялық сот бұл іс бойынша экс-президентті ақтап шықты, дегенмен іс қайта қарауға жіберілді.