14 мамырда түнгі уақытта Алматының орталығында инкассатор машинасының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. СТВ телеарнасының "Территория происшестивий" бағдарламасының тілшісінің хабарлауынша, полицейлерден қашып келе жатқан Honda автомобилі үлкен жылдамдықпен инкассатор фургонына барып соғысқан. Оның салдарынан инкассатор көлігі аударылып, ал соққан көлік жол белгісін құлатқаннан кейін ағашқа барып тірелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda автомобилінің салонында болған үш адам зардап шекті. Оларды оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Мардымсыз жарақат алған инкассторлықтарға дәрігерлердің көмегі қажет болмады. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.