Ақтөбеде "дала қасқыры" байк-клубының президенті, 26 жастағы Асхат Төлегенов жол-көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды РИКА-ТВ.
Ақтөбеде "дала қасқыры" байк-клубының президенті, 26 жастағы Асхат Төлегенов жол-көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды РИКА-ТВ.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 мамыр күні кешке әуежай маңында болған. "Боголовск тас жолына қарай бағыт алған Honda автомобилінің 38 жастағы жүргізушісі солға бұрылып жатқан кезде мотоциклді өткізіп жібермеген", - делінген хабарламада. Нәтижесінде мотоциклде отырған адам өте қауіпті жарақат алып, қаза тапты. Қазір осы деректерге сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
"ВКонтакте" әлеуметтік желідегі парақшасында Асхаттың достары мен байкерлер көңіл айтып жатыр. "Жатқан жерің жайлы болсын. Осылай болғаны өкінішті, туыстарың мен жақындарыңа сабырлық берсін", - деп жазды Kirill Aitkaliev.