Ақмола облысында 12 жастағы бала үйінен қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 12 жастағы бала үйінен қашып кетті © moe-online.ru

Ақмола облысында 12 жастағы бала үйінен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 12 жастағы бала үйінен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үйінен қашқан ұл бала көрші ауылдан табылған. Ол сабақтан кейін жоғалып кетіпті. 

"Шортанды ауданында 12 жастағы ұл бала мектептегі нашар тәртібінен кейін үйінен қашып кетті. Оның анасы баланы өздігінен таба алмайтынын түсінгеннен кейін полициядан көмек сұрады. Баланың үйден қашуының себебі анасын сол күні мектепке ата-аналар жиналысына шақыру болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Баланы іздестіруге Шортанды аудандық ІІБ жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, бірнеше жаяу патруль тобы ұйымдастырылды. Мамандар баланы түнімен іздеді. Бала тек 13 мамыр күні таңертең табылды, ол таныстарының үйінде анасының ашуы басылғанша түнеп шығуға бел байлапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети