14 мамыр 2015 | 10:35

Қазақстанда тұрғын үйді сататындар мен сатып алатындар көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allday.ru © allday.ru

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың сәуір айында тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты тіркелген мәмілелердің саны 15 397 болды, бұл көрсеткіш - өткен аймен салыстырғанда 33,4 пайызға артық. 

"Жалпы, 2015 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 50 606 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі жасалды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7 пайызға жоғары", - делінген комитеттің хабарламасында.

Тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты сәуір айында тіркелген мәмілелердің саны жағынан бірінші орында Астана тұр, елордада барлығы 1 690 мәміле жасалыпты. Одан кейінгі орындарда: Қарағанды облысы - 1 640, Шығыс Қазақстан облысы - 1 377, Алматы қаласы - 1 370 және 1 370 мәмілемен Оңтүстік Қазақстан облысы тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда пәтердің арзандап келе жатқаны хабарланған болатын. Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы орта есеппен 0,5 пайызға, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлердің пәтерлері 0,4 пайызға арзандаған. Сонымен қатар, жаңа салынған үйлердегі пәтерлердің де бағасы түсті. Бір айдың ішінде орташа баға 0,2 пайызға, яғни әр шаршы метр 225 084 теңгеге дейін төмендеді.


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети