14 мамыр 2015 | 11:06

Астанада секс-қызметін таңған үш келіншек ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sovetov.su ©sovetov.su

Астанада секс-қызметін таңған үш келіншек ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанада 11 мамырдан бастап "Қаңғыбас" республикалық жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.


Астанада секс-қызметін таңған үш келіншек ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанада 11 мамырдан бастап "Қаңғыбас" республикалық жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қоғамдық орында қызметін зорлап ұсынған үш астаналық келіншекке қатысты әкімшілік іс қаралды. Оларды "Сарыарқа" аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторлары ұстаған.

"Келіншектер осыған дейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 449-бабы 1-бөлімі бойынша сексуалдық мәндегі қызметін зорлап ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың үкімімен, бір жыл ішінде құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 449-бабы 2-бөліміне сәйкес, олардың әрқайсысына 2 тәулікке қамауға алу түріндегі өндіріс салынды", - деп хабарлады елорда ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ресми мәліметтер бойынша, Астанада үш күн ішінде жүргізілген рейд шаралары кезінде қоғамдық орындарда қызметін зорлап ұсынған 433 адам ұсталды, оның ішіндегі 82-сі уақытша қабылдауға қамалды, кәмелет жасына толмаған 25 адам Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. 192 құқықбұзушылық бойынша шамамен 2 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети