Астанада екі қыздың көпқабатты үйден секірген сәті бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада екі қыздың көпқабатты үйден секірген сәті бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі екі оқушы қыздың тұрғын үй балконынан секіріп кеткенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, оқиғаның жай-жапсарын ІІД баспасөз қызметіндегілердің тергеу мүддесіне байланысты хабарламай отырғаны белгілі болды.
Бұдан кейін осы оқиғаны көріп қалған куәгер болған жайтты баяндап берген еді. "Оқиға бүгін таңертең сағат 9.45-те болды. Мен темекі шегіп тұрғанмын, алдымнан бірдеңе өте шықты. Төмен қарасам, екі адамның денесі жатыр. Жедел жәрдем номерін тердім, абыржып қалдым, көшедегі әйелге: "жедел жәрдем шақырыңдар, екі адам құлап кетті", деп айқайладым. Жедел жәрдем мен тергеу тобы келді. Қыздардың түрін көрген жоқпын. Криминалдық полицияның мәліметінше, екі қыз да 1999 жылғы", - деді Серік Мұқанов.