Қазақстандық дзюдошы Максим Раков Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Максим Раков 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Финалда жерлесіміз жапон дзюдошысы Кайхан Тахагимен кездесті. Жапониялық спортшы бір ғана лақтырумен "алтын" жүлдені жеңіп алды.
Азия чемпионатының екінші күні қазақстандық Гүлжан Исанова қола жүлдегер атанды. Ол 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Құрлықтық біріншілік 15 мамырда аяқталады.