15 мамыр 2015 | 11:06

Павлодар облысында балалардың жазғы лагері киіз үйлерде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Павлодар облысында балалардың жазғы лагері киіз үйлерде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі рavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап. Биылғы жазғы маусымда бұл өңірдегі үш мыңнан аса мектеп оқушысы киіз үйлерде демалатын болады.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Саян Мұқанов айтуынша, жаз айларында өңірдегі ауылдық аймақтардағы әкімдіктердің қолдауымен 24 киіз үй тігу жоспарланып отыр.

"Ұлттық мүддені көздейтін "Алтын Орда", "Нұрлы шаңырақ", "Киіз үй", "Мәңгілік ел", "Ауыл" және "Жайлау" атты лагерлер Екібастұз, Ақсу қалалары мен Шарбақты, Качир, Май және Ертіс аудандарында болады. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1 миллион теңге және демеушілердің есебінен 600 мың теңге қаражат бөлу қарастырылған", - дейді Мұқанов.

Оның айтуынша, демалыс маусымында оқушылар салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен танысады. Сондай-ақ, жазғы демалыс бағдарламасы бойынша ұлттық ойындар мен атақты әнші, сазгерлердің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет беру көзделеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети