Астанада кеме жүзу маусымы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маусым 15 мамырдан 25 қазанға дейін жалғасады.
Астанада кеме жүзу маусымы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маусым 15 мамырдан 25 қазанға дейін жалғасады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада кемелер қызметі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тасымалдау шараларын Астана қаласының әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Есіл-Астана" кәсіпорны жүзеге асырады. Тұрғындарға алты жолаушылар кемесі қызмет көрсетеді.
Жолаушыларды кемеге отырғызу мен шығару Кенесары ескерткіші жанындағы айлақта жүргізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығы - 18,8 шақырым. Кеме қозғалысы шеңбер бойымен келесі бағытта жүргізіледі: Кенесары ескерткіші - "Редисон" қонақ үйі - "Шұбар" ықшамауданы - "Жыл мезгілдері" саябағы - Кенесары ескерткіші.
Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №108-417 қаулысына сәйкес, кеме қызметі үшін келесі бағалар белгіленген: ересек адамдар үшін - 1000 теңге, ал балалар үшін (7-16 жас аралығы) - 500 теңге.