15 мамыр 2015 | 17:02

Қазақстанда тері обырының көбеюі ыстық елдерде демалудың сәнге айналуымен байланыстырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Ғалымдар Қазақстанда тері обырының көбеюін ыстық елдерде демалудың сәнге айналуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандардың айтуынша, тері обыры, оның ішінде меланома ультракүлгін сәулелердің ұзақ әсерінен қозады. Сонымен қатар, ғалымдардың сөзіне қарағанда, күн сәулесінің өмір бойғы әсері жиналып, қосыла береді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар Қазақстанда тері обырының көбеюін ыстық елдерде демалудың сәнге айналуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандардың айтуынша, тері обыры, оның ішінде меланома ультракүлгін сәулелердің ұзақ әсерінен қозады. Сонымен қатар, ғалымдардың сөзіне қарағанда, күн сәулесінің өмір бойғы әсері жиналып, қосыла береді.

Сонымен қатар, меланомалардың дамуындағы басты рөл пигменттік дақ жарақаттарының әсеріне беріледі, атап айтқанда, бұл жерде әңгіме киімнің, аяқ киімнің қажауы, кесіп алған жаралар туралы болып отыр. Оларға терісі күнге тез күйетін аққұба терілі, секпілі және меңдері бар адамдар жатады. "Сонымен қатар жоғарғы қатер факторларына балалық және жасөспірім шақтағы күнге күю және жақын туыстардың арасында меланома дертіне шалдығу жағдайлары жатады", - дейді мамандар. Жыл сайын Қазақстанда меланомадан 150 адам көз жұмады. 2012 жылы 286 емделушіге меланома диагнозы қойылған, 2013 жылы дертке шалдыққандар саны 326-ға дейін артқан, 2014 жылы емделушілер саны 340 адам болды. Қазақстанда меланома дертінің айтарлықтай жоғары көрсеткіштері Алматыда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелген.  

Мамандардың айтуынша, онкологқа уақытылы қаралып, ауруды мұқият емдеген жағдайда, теріде пайда болатын қатерлі өскіндіге шалдыққан науқастардың 95 пайызын толықтай емдеуге болады. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer