Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға таяп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға таяп қалды © Марат Әбілов

Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға таяп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға таяп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еліміздегі халықтың саны 17 476,1 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар - 9 916,6 мың (56,7 пайыз), ауылдықтар - 7 559,6 мың адам (43,3 пайыз). Халық саны 2014 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға өсті.

АХАТ органдарының мәліметіне қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны - 92,1мың адам, ол 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,8 пайызға төмен. Ал бұл кезеңде қайтыс болғандар саны - 33,3 мың адам, 2014 жылы қаңтар-наурыз айларында көрсеткіш дәл осындай болған.

Сонымен қатар, 2015 жылы қаңтар-наурызда 30,3 мың неке қиылды, ол өткен жылғы көрсеткіштен 4,1 пайызға төмен. Ал ажырасқандардың қатары 12 мыңға жетті, ол өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети