Демалыс күндері Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Демалыс күндері Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Хабарламада республиканың оңтүстік-батысында орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың солтүстік-шығыс бағытына жылжитыны айтылған. "Сондықтан демалыс күндері, сондай-ақ дүйсенбі күні Қазақстанның барлық дерлік аумағында жаңбыр, найзағай күтіледі, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 13-20-ға дейін қысқа мерзімді күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. "Температура климат нормасынан 1-3 градусқа төмен болады, ол тропосфералық ағынның оңтүстік-батыстан батысқа ауысуымен байланысты", - деді "Қазгидромет" РМК өкілдері.