Астана полицейлері қала көшелерінде жалаңаш күйде жүрген ер адамның кім екенін анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана полицейлері қала көшелерінде жалаңаш күйде жүрген ер адамның кім екенін анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері Астанадағы Уәлиханов көшесімен жалаңаш кетіп бара жатқан ер адамды 16 мамыр күні кешкі сағат 20.00 шамасында байқаған. Оны қолға түсіру үшін оқиға орнына полиция жасағы жіберілді.
"Патрульдік полиция экипажы жолдың сол жақ қатарымен жүріп, құқық бұзушыны ұстау үшін қиылыстан тоқтады. Жеке сектордағы аулалардың бірінде Астананың 41 жастағы тұрғыны қолға түсті", - делінген хабарламада.
Ұсталған азаматтың бұған дейін ұрлық үшін істі болғаны анықталды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар мен ішімдік ішуге байланысты жиі құқық бұзушы ретінде ІІД-де тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Ер адамды психоневрологиялық және наркологиялық диспансердің мамандары тексеруден өткізді. Осыдан кейін ол процессуалдық шешім қабылдау үшін "Алматы" аудандық ІІБ-ға жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана көшелерінде жалаңаш ер адамның серуендеп жүргені хабарланған болатын. Ер адамның жалаңаш жүргені бейнеленген видеоны қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді. Видеожазбада ер адам еш қымсынбастан жалаңаш денесімен елордадағы Уәлиханов атындағы көшенің бойымен кетіп бара жатады. Оның артынан көшедегі адамдар айғайлайды, бірақ ол мән бермей, серуенін жалғастыра береді.