18 мамыр 2015 | 10:51

Білім және ғылым министріне оқулықтар үшін 2 миллиард теңгеден аса қаржы жетіспейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. © Ренат Ташқынбаев Аслан Сәрінжіпов. © Ренат Ташқынбаев

Мектептерді оқулықпен толықтай қамтамасыз етуге 2 миллиард теңгеден аса қаржы жетіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.


Мектептерді оқулықпен толықтай қамтамасыз етуге 2 миллиард теңгеден аса қаржы жетіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

"Мектептердің оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілмеуінің себебі - оқулық сатып алу жүйесі толықтай қаржыландырылмаған. Қазіргі таңда жетіспей тұрған сома - 2 миллиард 374,5 миллион теңге. Мамырда еліміздегі оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткізілді және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша (ОҚО және ШҚО әкімдіктері туралы айтылған - Авт.) маусым айында мәслихаттар қажетті қаржыны бөледі", - деп мәлімдеді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің үкімет сағаты барысында.

Сонымен қатар, оқулықпен қамтамасыз етуге жалпы 14 миллиард теңгенің бөлінгені белгілі болды.

Сондай-ақ, министр оқулықты жасаушылар мен сарапшылар біліктілігінің оқулық сапасына ықпал етуші бірден-бір фактор екенін атап өтті. "Сапалы, тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар авторлар мен сарапшылар құрамына жүргізілген талдау мамандардың тапшы екенін көрсетті. Авторлық корпустың ескіргені де байқалып отыр, оқу материалдарын әзірлеу саласында тиісті дайындығы жоқ мамандардан тұратын авторлық құрамдардың құрылу жайттары да бар", - деді Сәрінжіпов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети