18 мамыр 2015 | 11:42

Қазақстандық оқулықтар Қытайда басылып шығады - Сәрінжіпов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық оқулықтар Қытайда және Түркияда басылып шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық оқулықтар Қытайда және Түркияда басылып шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

"Оқулықтар Қазақстанда басылып шықпайды, негізінен Қытайда немесе Түркияда, себебі ол жақта арзан", - деді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің үкімет сағатында.

"Сонда, барлық оқулық Қытайда басылады да, біздің баспалар оған өзінің атауларын жаза ма?", - деп сұрады төменгі палатаның вице-спикері Дариға Назарбаева.

Министр мәселенің шетелде шығатын оқулықтардың қаншалықты данамен шығаруында жатқанын айтты. Кітапты құрастыру Қазақстанда өтеді. 

"Бұл енді бизнестің мәселесі, қайда арзан болса, сонда басылып шығады. Бірақ оқулықтарды көптеп шығару үшін оның құнының 5-10 пайызы жұмсалады. Негізгі құны - авторлық жұмыс, дизайн, әдіснама", - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Министрден бір оқулыққа баспаның қанша теңгеге шығындалатыны сұралды.

"Әрқалай. Себебі бұл жеке бизнес, біз олардың өзіндік құнын, баға белгілеуін білмейміз. Бірақ өткен жылы мақсатымыз 100 пайызға қамтамасыз ету болды, облыстарға тапсырма бердік, 14 облыс жаңарып жатқан 4 сынып оқулықтарын сатып алуға 14 миллиард теңге бөлді. Сол кезде біз өзіміздің баламасы жоқ "Қазақ тілі" оқулығын басып шығардық. Авторлық ұжымды өзіміз жалдадық, себебі өзіміз негізгі бірыңғай оқулық шығаруды тексергіміз келді", - деді Сәрінжіпов. 

Бұл оқулықты шығару үшін министрлік 70 миллион теңге жұмсады. "Айтарлықтай үлкен сома. Яғни бұл тек авторлардың құрастыру бойынша жұмысы ғана емес, яғни 1-11 сыныптар аралығындағы оқулықтар, яғни шамамен бір сыныпқа 7 миллион теңге. Бұл авторлардың - қаламақысы, содан кейін дизайн бойынша мамандандырылған компанияның жұмысы, әдістеме бойынша жұмыс. Осыдан кейін ғана баспаның жұмысы - басып шығаруға көп қаржы кеткен жоқ", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer