Қырғызстан азаматы бөтен төлқұжатпен Қазақстанға өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, 17 мамырда мемлекеттік шекарадан бөтен төлқұжатпен өтпекші болған қырғызстандық "Ақ-жол автожолы" бақылау-өткізу бекетінде қолға түсті.
"Ұсталған азамат Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болды. Тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея азаматшасының Қазақстанға жалған құжатпен өтіп кетпек болғаны хабарланған болатын. Ол кезде "Алматы" өту пунктінің шекара жасағы "Алматы - Бішкек" 109 КС рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде Оңтүстік Кореяның 50 жастағы азаматшасы ішінара жалған паспортпен ұсталды. Паспортта №2 бетіндегі түпнұсқаға мәліметі бар басқа қағаз жабыстырылып, үстінен ламинат қапталған.