18 мамыр 2015 | 15:45

Дариға Назарбаева мемлекетті жаман менеджер деп есептемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews © Тengrinews

Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрінің мемлекетті үздік менеджер емес деген ойымен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрінің мемлекетті үздік менеджер емес деген ойымен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баспалар қайырымдылық қорымен айналысқан соң мемлекет кітаптарды сатып алып отырған жоқ. Мемлекет тек мемлекеттік тапсырыстарды ғана орындайды, яғни әркім өз қалтасынан ақша шығарып кітап сатып алады. Біз кітаптың сапалы болуын талап ете аламыз. Мемлекетті үздік менеджер емес деген ой өте таңғаларлық. Мемлекет - нәтижелі қызмет ететін менеджер, себебі мемлекет үнемі тұтынушылардың пікірін тыңдап, олармен қарым-қатынаста болады. Өзінің басқару тәсілін жаңартып отырады. Барлығы осы. Бұл нәтижелі менеджменттің белгісі. Ештеңені ойдан шығарудың қажеті жоқ. Халықаралық банкке кезекті рет "жетелі" нәрсе жазып беруі үшін миллиондаған ақша төлеп қажет емес", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар, ол болашақта Мәжілістегі әріптестеріне Ғылым және білім министрлігінің оқулықтарға қаржы бөлу ұсынысын құптамауды ұсынды.

"Сіз 2,4 миллиард теңгенің жетпейтінін, жергілікті атқарушы органдардың қаржыландырылмағанын айттыңыз. Ол бюджеттің қысқаруынан болды. Қосымша оқулықтарды басып шығару үшін тағы да қаражат керек. Егер балама кітаптарды шығарудан бас тартсаңыздар, басқа шығындарды жабуға ақша жетер еді. Құрметті әріптестер, олар бізге жаңа бюджет үшін келеді, министрлікке кітап үшін бір сом да бермеуді ұсынамын. Осыған дейін бөлінген қаржыны үнемдеп, бұл мәселені өздері шешсін. Жұмыс істеп үйренсін", - деді Дариға Назарбаева.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мемлекетті жақсы менеджер деп есептемейтінін айтқан болатын. Ол қажетті сома бөлінбесе, кітаптардың сапасының қазіргіден де төмен болатынын мәлімдеді.

"Мектептердің оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілмеуінің себебі - оқулық сатып алу жүйесі толықтай қаржыландырылмаған. Қазіргі таңда жетіспей тұрған сома - 2 миллиард 374,5 миллион теңге. Мамырда еліміздегі оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткізілді және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша (ОҚО және ШҚО әкімдіктері туралы айтылған - Авт.) маусым айында мәслихаттар қажетті қаржыны бөледі", - деп мәлімдеді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің үкімет сағаты барысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети