18 мамыр 2015 | 16:21

Қазақша есімдердің мағынасын беретін бағдарлама әлеуметтік желіде мазаққа айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот Скриншот

Интернетте қазақша есімдердің мағынасын түсіндіріп беретін бағдарлама пайда болды. Әлеуметтік желілердің қолданушылары бұл бағдарламамен бір-бірімен бөлісіп, оң-теріс тұстарын қызу талқыға салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nametests.com ұсынып отырған бұл бағдарлама арқылы кез келген есімнің мағынасын білуге болады. 45-ке жуық тілде қызықты өнімдерді ұсынушы бұл сайт қазақ тілінде әзірше бір ғана, яғни осы - "Атыңыз нені білдіреді?" бағдарламасын ұсынған екен. 

Алайда бағдарламаның кемшін тұстары да жетерлік. Ол бір есімге берілген сипаттаманы бірнеше есімге бере береді. Мұны байқаған әлеуметтік желі қолданушылары "Мырқымбай" мен "Бекертуған" есімдерінің мағынасын білуді ұйғарыпты. Алайда екеуінің мағынасы бірдей болып шыққан. Нәтижесі мынадай:

Осылайша, бағдарламаны бірі қалжыңға, бірі күлкіге айналдырып жатқанда белгілі суретші Аңсаған Мұстафа өз есімінің мағынасын "қолмен" жазып, жариялады.

Есіміңіздің мағынасын мына жерден оқуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети