18 мамыр 2015 | 15:51

Батыс Қазақстанда полиция көлігі бүлдіршінді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Николай Колесников © Николай Колесников

Батыс Қазақстанда полиция автомобилінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында кішкентай қыз зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой город". Порталдың редакциясына жол апаты болған жерде түсірілген видео келіп түсті. Видеожазбада полиция қызметтік көлігінің Ақсай қаласындағы Советская көшесінің бойында тұрғаны көрінеді, апат болған жерде куәгерлер жиналған.

Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қызды жаяу жүргінші жолымен кетіп бара жатқан кезінде полиция автокөлігі қағып өткен. Өңірдегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдері "ВАЗ-21214" автомобилінің жүргізушісінің жасаған жол апаты дерегіне байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, оның қорытындысында процессуалдық шешім шығады. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жүргізуші мас болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында тағы бір жол-көлік оқиғасы адам өлімен аяқталған болатын. Орал қаласында жүргізуші 76 жастағы зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға 24 сәуірде болды. Әйел адам ауруханаға түсіп, 13 күн өткеннен кейін есіне келместен қайтыс болды. Daewoo Nexia автомобилінің қашып кеткен жүргізушісі көлік фарасының сынығы арқылы табылды. Екі аптадай уақытта тәртіп сақшылары сынық фараны шамамен 200 автокөліктің фарасымен салыстырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети