18 мамыр 2015 | 21:50

Республика Сарайының алдында Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыдағы Республика Сарайының алдында Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шара өтіп жатқан орыннан. Бүгін, 18 мамырда Батырхан Шүкенов 53 жасқа толар еді. 


Алматыдағы Республика Сарайының алдында Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шара өтіп жатқан орыннан. Бүгін, 18 мамырда Батырхан Шүкенов 53 жасқа толар еді. 

Алаңға үш мыңнан астам адам жиналды, олардың ішінде орындаушының жақын достары, әріптестері, тыңдармандары бар. Кешті Батырханның досы Сағынай Абдуллин жүргізді. Концерт 20.00-де Батырхан Шүкенов соңғы үш ай бойы қатысқан "Один в один" шоуының көрсетілімінен басталды. Содан кейін сахнаға Chick Flick тобы шығып, оның репертуарындағы танымал әндерді орындады. 

Батырхан Шүкеновті еске алу кешіне Мәскеуден оның достары мен әріптестері арнайы келді, олардың ішінде МУЗ-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров та бар. "Мен бүгін осы жақта қазаға қабырғасы қайысқан өз халқыммен бірге, отандастарыммен бірге болуды борышым деп санадым. Ол туралы естелік шын мәнінде оның әнімен өмір сүрген, шығармашылығын жақсы көрген адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады. Батырхан - ғасырларға қалатын әртіс, ол ұлы әртіс, адам және дос", - деді Дәулетияров. 

Концерттен кейін Республика Сарайының алдында  "Батыр: Live" фильм-концерті көрсетіледі, оған әртістің өнер көрсеткен сәттері, достары мен жақындарының сұхбаттары, сахна сыртындағы түсірілімдері және әншінің өз пікірі кіреді. 

Айта кетейік, еске алу кештері Мәскеуде және Қытайда өтіп жатыр. Батырхан Шүкенов 53 жасына қараған шағында жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу рәсімі 1 мамырда орындаушы өз шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети