19 мамыр 2015 | 08:36

Қазақстандық теннисші қыз әлемнің 10-шы ракеткасын жеңді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA топтамасы бойынша немістің Нюрнберг қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA топтамасы бойынша немістің Нюрнберг қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық 20 жастағы теннисші шараның бірінші ракеткасы Андреа Петковичпен кездесті. Матч 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 27 жастағы неміс қызы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 105-орында тұр, ал Петкович болса әлемнің ең үздік он ракеткасының қатарына кіреді. Турнирдің екінші кезеңінде Путинцева голландиялық теннисші Кик Бертенспен кездеседі. Ол осыған дейін қазақстандық спортшы Ярослава Шведованы жеңген болатын.

Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Зарина Диас Францияда өтіп жатқан Страсбург турнирінде америкалық Элисон Рисктен жеңіліп қалды. 2 сағатқа созылған матч 7:5, 4:6, 6:1 есебімен 24 жастағы америкалық спортшының пайдасына шешілді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer