Алматы полициясы 10 жастағы қызға тиіскен педофилге іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте пайда болған видеожазбадан бірінші қыз баланың, одан кейін ер адамның тұрғын үйге кіргенін көруге болады.
Алматы полициясы 10 жастағы қызға тиіскен педофилге іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте пайда болған видеожазбадан бірінші қыз баланың, одан кейін ер адамның тұрғын үйге кіргенін көруге болады.
Бірнеше секундтан кейін ер адам ауын шешіп, кәмелет жасқа толмаған қызды өзіне тартады. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған. Алайда Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция бұл жазбаны жарияламаған. Камераларды жеке компаниялардың орнататыны белгілі және бұл жазба да солар арқылы Желіде пайда болуы мүмкін.
"16 мамырда Бостандық аудандық ІІБ кезекші бөліміне әйел адам арызданған, ол өзінің 10 жастағы қызына зорлау әрекеті жасалғанын айтқан. Оқиға 12 мамырды сағат 12.00 шамасында Бостандық ауданындағы үйдің кіреберісінде болыпты. Күдікті ер адамның жасы шамамен 45-50-де, бет әлпеті еуропалық сипатта, орта денелі. Күдіктінің кім екенін анықтау жұмыстарына Бостандық аудандық және қалалық криминалдық полиция басқармасының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды", - дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Осы қылмысқа куәгер болғандар мен күдіктіні білетіндерге мына номерлерге хабарласу сұралады: +7(727) 254-47-02, +7(727) 254-47-00, +7(727) 254-47-45, 7(747) 928-67-37 немесе 102. Айта кетейік, видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Владимир Цой есімді қолданушы жариялады. Бұл жарияланыммен 1500 адам бөлісті.