19 мамыр 2015 | 12:13

Астанадағы нөсер Интернетте қалжыңға айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аңсаған Мұстафа © Аңсаған Мұстафа

Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада болған нөсерді қалжыңға айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада болған нөсерді қалжыңға айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 мамырда басталған нөсер елорданың 10-нан астам көшесі мен бірнеше үйін басып қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары Астананы Венециямен салыстырып, енді қалада тікұшақ пен қайықты көлік ретінде пайдалануға болатынын жазды. Мына фотомем әлеуметтік желілерде кең таралып жатыр.

Сонымен қатар,  суретші Аңсаған Мұстафа су басқан Астананың суретін салды. Суретте жас қыз бен жігіттің Бәйтерек маңында қайықпен жүзіп бара жатқаны бейнеленген.

Айта кетейік, Астана тұрғындары судан өту үшін түрлі амалдар қолданды. Мысалы, 18 мамырда Сейфуллин көшесі бойында жас жігіт қызды көтеріп алып, суды жалаң аяқ кешіп өтті.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстанда теңізге шығатын жолдың жоқтығын ескеріп, Астанада теңіз пайда болды деп те қалжыңдады.

Министрлер Үйінің алдында түсірілген фото да қалжыңға себеп болды.

16 мамырда жауған нөсер Астана көшелерін басып тастады. Метеорологтар жауын мен күшті желдің осы мезгілде болып тұратынын айтты.

Астана әкімдігі де елордадағы көшелер мен үйлердің жауыннан кейін су астында қалу себебін түсіндірді. "Канализация құбырларының кішкентай болуынан қала көшелерін су басты", - деді Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы инфрақұрылым бөлімінің басшысы Жасұлан Байжанов.

Айта кетейік, демалыс күні жауған нөсердің мөлшері айлық мөлшерден асып кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети