Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің ресми сайтында олардың кездесуі 21 мамырда өтетіні хабарланған. Ал келесі күні, 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум "Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері" тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.
Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.