Солтүстік Қазақстан жүргізушілері көліктің VIP-номерлеріне 9 миллион теңге жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан жүргізушілері көліктің VIP-номерлеріне 9 миллион теңге жұмсады © СҚО ІІД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 9 миллион теңгеге автокөліктердің VIP-номерлері сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 9 миллион теңгеге автокөліктердің VIP-номерлері сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 28 VIP-номер сатылған, олардың жалпы сомасы 9 миллион 45 мың теңгеге тең болды. Ал ақылы номерлер беріле бастаған сәттен, яғни өткен жылдың қазан айынан бері барлығы 16 миллион 566 мың теңгеге 51 номер сатылыпты.

"Көп сұранысқа ие номерлердің көш басында 555 тұр. Ал қымбат номерлер мыналар: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың бағасы - 451 896 теңге. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 номерлерінің бағасы - 271 534 теңге", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети