20 мамыр 2015 | 18:30

Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еlista.org сайты Еlista.org сайты

Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзге сілтеме жасап. Нәрестенің мәйітін медициналық орталықтардың бірінің күзетшісі тауып алды.

Емхананың маңындағы қоқысты жиыстыруға келген күзетші құрылыс материалдарының арасында жатқан қалтаны көреді. "Ішін ашқан кезде нәрестенің жатқанын көрдім. Полицейлерге дереу қоңырау шалдым", - деді ер адам. Қазір полицейлер нәрестенің туылған уақыты мен кім екенін анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, осыған дейін Таразда көшеден қорапқа салынған сәби табылғаны хабарланған болатын. Бес градус аяз кезінде сәби қораптың ішіне бір жаялыққа оралып салыныпты. Баланың жылаған дауысын көшеден өтіп бара жатқан екі ер адам естіген. Суық тиген нәресте ауруханаға жеткізілді. Ауруханада қыз балаға жаңа есім берілді - Нұрай. Оның салмағы - 2,4 келі, бойының ұзындығы - 49 сантиметр. Полицейлер баласын көшеге тастаған безбүйрек ананы іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети