20 мамырда сағат 11.40-та Алматыдан шығысқа қарай 245 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Қазақстан аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 8.8. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, 6 мамырда сағат 03.51-де Алматыдан шығысқа қарай 200 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісі Алматы облысының аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Кеген ауылынан шығысқа қарай 22 шақырымда, Шонжы қала типті ауылынан оңтүстікке қарай 53 шақырым қашықтықта, Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 63 шақырымда және Шелек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 118 шақырым қашықтықта болды.