21 мамыр 2015 | 12:21

Астана хирургтері жануар ұлпасынан жара таңғыш жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Сppmns.ru © Сppmns.ru

Астанадағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында іріқара ұлпасынан тиімді биологиялық жара таңғыш жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында іріқара ұлпасынан тиімді биологиялық жара таңғыш жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биологиялық жара таңғыш жануарлардың тінінен жасалған, ол үшін алдын ала өңдеу жұмыстары жүргізіліп, жасушалар алынып тасталды. "Байланыстырушы ұлпадан қалған каркас таңғышты жарадан алған кезде тері ауырмайды. Құрамында күміс бөлшектер бар коллеган мен эластинің микробқа қарсы әсері бар. Ал тері өсуіне әсер ететін және адамның эмбриондық фибробласты қосылған таңғыш зақымдалған ұлпаны қайта қалпына келтіруге көмектеседі", - деді орталықтың комбустиолог маманы Қабылбек Әбуғалиев. Жануарларға тәжірибе жасау кезінде биологиялық жара таңғыштың ұлпалардың өлуін тоқтатып, жараның жазылуына септігін тигізетіні анықталды. Таңғышты күйік шалған тері мен трофикалық жараларға қолданып көру оң нәтиже берді.

Әбуғалиевтің айтуынша, Қазақстанда био-таңғыш жасайтын өніріс орны жоқ. Мемлекет жобаға басымдық беріп, қаржыландырды. Жобаға дәрігерлерден бөлек Қазақстан Ұлттық биотехнология орталығының және Ядролық физика институтының ғалымдары қатысқан. Технология республика патентімен қорғалған және өндіріске шығаруға дайын. Жануар тінінен жасалған жара таңғыш Алматыда 27 мамырда "Инновациялық көпір: ғылым және бизнес" ІІ Диалог алаңы аясында ұйымдастырылған шара барысында көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer