21 мамыр 2015 | 12:03

Алматы полициясы жүргізушіні ұрған "ҰҚК капитанын" ұстады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Youtube кадры ©Youtube кадры

Автожүргізушіні ұрған "ҰҚК капитаны" полицияның қолына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтып берді. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Автожүргізушіні ұрған "ҰҚК капитаны" полицияның қолына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтып берді. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиға дерегі бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Алматы полициясы жүргізушіні ұрып-соққан бұзақының кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы О деген азамат. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз. Ол ұсталды. Д деген азаматтың арызы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Жүргізуші алған жарақатының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді", - деп хабарлады Әзірбек.

Осыған дейін ер адамның ҰҚК қызметкері емес екендігі хабарланған болатын. Еске салайық, осыған дейін ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері 2014 жылы сәуір айында Алматыда жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өзге жүргізушіге боқтық сөз айтқан жалған "комитетчикті" еске салып, оның шын мәнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемейтінін ескертті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен ер адам өз ісі үшін көпшілік алдында кешірім сұрап, қарсыласын қорқыту үшін ғана өзін "комитетчик" деп таныстырған болатын. "Біздің қызметкерлер өз жұмыс орындарын бағалайды және ешқашан ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері екенін айтпайды", - деді ведомстводағылар. Олардың айтуынша, алдағы уақытта жоспарлы тексеріс жүргізіліп, өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырған ер адамды анықталатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer