21 мамыр 2015 | 14:53

"100 қадам" жүзеге асқаннан кейін Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады - Герман Греф

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Focus.ua © Focus.ua

Ресей "Ресей жинақ банкі" АҚ төрағасы Герман Греф "100 нақты қадам" бағдарламасын елді өзгертетін манифест деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей "Ресей жинақ банкі" АҚ төрағасы Герман Греф "100 нақты қадам" бағдарламасын елді өзгертетін манифест деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарялаған "100 қадам" бағдарламасы Қазақстанды заманауи экономикалы мемлекет етудің бірден-бір жолы. Мен мұндай тақырыпта көп жыл жұмыс істедім, бұл құжатты жоғары деңгейде бағалаймын. Бұл мен көргендердің ішіндегі саналы түрде жасалған бірден-бір құжат. Осы 100 қадамның ең болмағанда жартысы жүзеге асса, Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады", - деді Греф Астанадағы экономикалық форумда тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Греф дағдарыстан шығу үшін Ресейге де осындай бағдарлама керек екенін айтты. "Ресей дағдарыстан шығу үшін не істеу керек? Дәл осындай 100 қадам жасау керек, ойланудың қажеті де жоқ. Осы 100 қадамды бірге жүзеге асыру керек", - деді "Ресей жинақ банкі" АҚ басшысы.

"Бүгін біз осы тақырыпты премьер-министрмен талқыладық, мен бұл құжатта ешқандай мін жоқ екенін айттым. Бөлімдерді белгілеуден бастап барлығы да сауатты жасалынған. Ең бастысы - мемлекеттік аппараттың, елді басқаратын адамдардың сапалы болуы. Егер бұлар болмаса, басқа нәрселерді ойлаудың қажеті де жоқ. Мұндай жолды жүріп өткен елдер тым аз", - деді ол.

Айта кетейік, "100 қадам" бағдарламасы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған 5 ірі реформаны жүзеге асырудың жоспары. Мемлекет басшысы бұл реформаларды жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен қатар бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары деп атады. Назарбаев бұл жобаға "Ұлт жоспары" деген атау беріп, алдағы 10-15 жылдықа жүзеге асырылуы тиіс басты міндет екенін айтты.

Бағдарламаға бес реформа кіреді: мемлекеттік заманауи аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектік пен бірлік, есеп беретін мемлекет қалыптастыру.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer