21 мамыр 2015 | 17:34

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында 1842 тасбақасы бар азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі © ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында 1842 тасбақасы бар азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстан-Қазақстан шекарасында 1842 тасбақасы бар азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш дорба мен бір қорапқа салынған, жалпы салмағы 200 келіден асатын тасбақаларды контрабандист өзінің Daewoo Matiz маркалы автокөлігі арқылы алып өтпекші болған. Алайда ол 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қапланбек" кеден бекетінде ұсталды.

"Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері ШББ шекара қызметімен бірлесе отырып автокөлік құралдарын кедендік тексеріп қарау барысында Өзбекстанның 1983 жылғы азаматын ұстады. Көлікті тексеру кезінде Өзбекстаннан Қазақстанға тасбақаларды контрабандалық жолмен алып өту дерегі анықталды. Өзбекстан азаматы ұсталды, іс әрі қарай тергеу үшін экономикалық тергеу қызметіне берілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Орта Азиялық құрлықтағы тасбақа халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, жоғалып бара жатқан жануарлардың қатарына кіреді және кантрабандистер арасында жоғары сұранысқа ие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети