21 мамыр 2015 | 18:45

Алматыда жүргізушіні ұрып-соққан ер адам бұған дейін сотты болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Күдікті. ©TengrinewsTV Күдікті. ©TengrinewsTV

Өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, автожүргізушіні ұрып-соққан ер адам бұған дейін сотталған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкіліне сілтеме жасап. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, автожүргізушіні ұрып-соққан ер адам бұған дейін сотталған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкіліне сілтеме жасап. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адам 2007 жылы бұзақылық жасағаны үшін және 2002 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Айта кетейік, Алматы қалалық ІІД-нің видеосында ұсталған азамат өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырғаны үшін кешірім сұрады. "Мен ешқандай да қызметкер емеспін, болмағанмын. Егер кім де кімге менің сөздерім тиіп кетсе немесе зиян келтірсе, мен кешірім сұраймын", - дейді ол.

Осыған дейін ұсталған ер адамның жұмыссыз екені хабарланды. ҰҚК өкілі 2011 жылы қайда жұмыс істегенін сұрады. Оған мұнай өнімі қоймасында жүк тасымалдаушы болып жұмыс істегені жайлы жауап берілді. Ведомство өкілдері бұл қақтығыстың не себепті шыққанын да айтып өтті - сөйтсе, видео авторы мен күдікті көрші екен. Сонымен қатар, жапа шеккен азаматтың миы шайқалып, қабағы жарылыпты. ҰҚК өкілінің айтуынша, кім де кім өзін ведомство қызметкері деп таныстырса және шын мәнінде олай болмай шықса, жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Қазіргі уақытта осы оқиға дерегіне сәйкес "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. ІІД мәліметінше, күдікті 30 жаста.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer