22 мамыр 2015 | 13:21

Назарбаев ірі мемлекет көшбасшылары арасындағы сенімнің жоғалуы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі мемлекет басшыларының арасындағы сенімнің жоғалуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі мемлекет басшыларының арасындағы сенімнің жоғалуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір әлемдік кеңістікте келешектің гүлденуіне аса үлкен қауіп төндіретін қарсылықтар қалыптасып, дамып келеді. Екіншіден, әлемдік тәртіптің фрагменттелуі. Біз бұрынғы ұсталымның төмендеп, қарама-қайшылықтардың пайда болып, ірі мемлекет көшбасшылары арасында сенімнің жойылғанын, халықаралық құқықтың тотығуын байқап отырмыз. Біз әрдайым сенім артқан халықаралық институттар бейбітшілік пен тұрақтылыққа кепілдік бере алмайды", - деді Қазақстан Президенті форумға қатысушыларға.

Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мен індет мәселесіне де баса назар аударды. "Климаттың өзгеруі күткенімізден әлдеқайда жылдам болып жатыр. Оның салдары табиғи апаттардың күштілігіне әсер етеді. Непалда болған үрейлі апат. Әлемдік ұйым бұл елге лайықты түрде жауап беріп, көмектесе алмады", - деді Назарбаев, бүгінгі таңда әлем бойынша азық-түлік тапшылығының артқанын атап өтіп.

"Ол үш параллель үдерістің қысымына түсті: халық санының, кірістің және қалаға көшетіндердің артуы, жақын 30 жылда азық-түлік өндірісін екі еселеуге және оны Жердің қоры таусылғанда жасауға тура келеді. Қазақстан мемлекет ретінде бұл сұрақтарға жан-жақты жауап беруге тырысады", - деді Мемлекет басшысы, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бүкіл әлем бойынша бірінші болып ядролық қарудан бас тартып, сынақ полигонын жапқанын атап өтіп. "Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) белсенді қатысушысы ретінде өзіміздің әріптес-елдерімізбен арақатынасымызды дәйекті түрде нығайтамыз", - деп сөзін қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумының ең негізгі тақырыбы - "Инфрақұрылым - экономика дамуының драйвері". Астанада бас қосқандар әлемдік экономиканың дамуы, экономикалық өсімді нығайту және осы саладағы басты мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады. Жыл сайын АЭФ алаңына 80-нен аса мемлекеттен мыңнан аса делегат келеді, олардың арасында мемлекеттердің бірінші тұлғалары, танымал саясаткерлері, Нобель сыйлығының лауреаттары, атақты ғалымдар, журналистер мен бизнес элитасының өкілдері бар. Биылғы форумға шамамен 3 мың адам қатысты.

Форум аясында ең негізгі шаралар бекітілді: Кеңейтілген отырыс, Инвестициялық форум, Азия мен Еуропа көшбасшыларының форумы, Еуразиялық экономикалық конгресс, Ұлы Жібек жолын жаңғырту және Урбанизациялық форум.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer