22 мамыр 2015 | 15:01

Назарбаев Қазақстан үшін басты қауіпті атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Президент Назарбаев Қазақстан үшін басты қатерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордада VIII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы АЭФ қатысушыларының тарапына арнап сөз сөйледі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Назарбаев Қазақстан үшін басты қатерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордада VIII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы АЭФ қатысушыларының тарапына арнап сөз сөйледі.

Өз сөзінде Президент халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті тақырыпты көтерді және бас бизнес-тілші әрі BBC-дегі Talking Business бағдарламасының жүргізушісінің "Әлемдік дағдарыс Қазақстанға әсер етті ме және оған қандай қауіп төнуі мүмкін?" деген сұрағына жауап берді.

"Басты қауіп - біздің экономикамыздың стагнациясына жол бермеу. Сондықтан біз барлық шараны қолдандық. Қазақстан кеңес кезінде шикізат жеткізетін мемлекет ретінде дамыды. Өндіруге назар аударылмады. Қазір біз екінші экономиканы, мұнай мен газдың экспортына тәуелді емес экономиканы құрастыруға тырысып жатырмыз. Яғни индустриалдық инновациялық саясатты жүргізіп отырмыз. Жаңа зауыттар салып жатырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазіргі дағдарыс Қазақстанның ішінде болған жоқ. Ол сыртқы факторлардың нәтижесінде болып жатыр. Біріншісі - мұнай мен металл бағасының түсуі. Екіншісі Еуропаның және Ресейдің санкциялары. Ресей - басты серіктесіміздің бірі. Біз мұны, әрине, сеземіз", - деді Қазақстан Президенті.

Сұраққа жауап беру кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде Қазақстанда енгізіліп жатқан бағдарламалардың мультипликатив эффектісін жасайтынын, өз сөзінше, бір жарым пайызға белгілі бір көрсеткіш беретінін атап өтті.

"Өздеріңіз білетіндей, мен Қазақстан халқының толықтай қолдауына ие болдым, мен гарант болдым және коммунистік өткенімізден қалған қалдықтардан құтылатындай, яғни біреудің асырауындағы адамнан жұмыс істеп, табыс табатын адамға айналатындай еттім. Мемлекет жағдай мен жұмыс орындарын жасауы керек. Бірінші мақсат - заманауи мемлекеттік қызмет, даму меритократиялық түрде өтетіндей, лайықты болатындай іс. Еңбек бағаланады, лайықты түрде төленеді, тек лайықтылар қызметте болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев таяуда жасалған "100 нақты қадам" бағдарламасының басты қауіптерге жауап беретінін айтып. 

Айта кетейік, "100 қадам" бағдарламасы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған 5 ірі реформаны жүзеге асырудың жоспары. Мемлекет басшысы бұл реформаларды жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен қатар бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары деп атады. Назарбаев бұл жобаға "Ұлт жоспары" деген атау беріп, алдағы 10-15 жылдықа жүзеге асырылуы тиіс басты міндет екенін айтты.

Бағдарламаға бес реформа кіреді: мемлекеттік заманауи аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектік пен бірлік, есеп беретін мемлекет қалыптастыру.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer