22 мамыр 2015 | 15:49

Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен бес бала ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Дәрігерлер Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың барлығын дерлік үйіне жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жол апатынан кейін ауруханаға 9-11 жас аралығындағы алты бала жеткізілді, олардың барлығы мектеп автобусында отырған. Олардың бесеуі жеңіл жарақат алды, медициналық көмек көрсетіліп, тексерілгеннен кейін бесеуі ата-аналарымен үйлеріне қайтты. Бір баланың жарақаты орташа ауыр, оның миы шайқалған, оқушы нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала ауруханада 7-10 күн жатады. Басқармадағылардың сөзіне қарағанда, автобуста барлығы 13 бала болған.

Еске сала кетейік, жол апаты Алматыдағы Қарасу ықшамауданында болды. Полицияның мәліметінше, жол апатына екі автокөлік қатысқан - Mazda маркалы жеңіл көлік пен Kia маркалы автобус. Заводская көшесімен келе жатқан Mazda "Жол бер" белгісіне тоқтамаған, ал ол жол - қосалқы, сөйтіп ол негізгі орталық жолға шығып кетіп, KIA маркалы автобусына соғылды. Полиция сотқа дейінгі өндірісті бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде сот-медициналық сараптамасы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети