22 мамыр 2015 | 17:58

Жанармай үнемдегіш көліктің қай кезде сатылымға шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© massaget.kz © massaget.kz

Hyundai жанармай үнемдегіш көлікті сатылымға шығарғалы жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz өндіруші компанияға сілтеме жасап.


Hyundai жанармай үнемдегіш көлікті сатылымға шығарғалы жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz өндіруші компанияға сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, "үнемшіл" Sonata Hybrid көлігі келесі жазда сатылымға шығады. Автокөлік 2,0 литрлік Nu GDI төрт цилиндрлі қозғалтқышпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті қуаты - 154 ат күші, айналғыш уақыты - 190 Ньютон/метр. Екінші күшті қондырғысы – 51 л/с қуат беруші электромотор. Айналғыш уақыты - 205 Н/м. Гибридтік қондырғының жиынтық күші 6000 айн/м-та 193 л/с құрайды.

Sonata Hybrid моделі тас жолда 5,35 литр (100 шақырым), ал қала ішінде 5,88 литр жанармай жаратады. Ортақ көрсеткіші - 5,60 литр. Бұл өткен шығарылымдармен салыстырғанда жанармайды 10 пайызға үнемдейді.

Электрлік мотор қуат көзін сыйымдылығы 1,62 кВт/с литий-полимерлі аккумулятордан алады. Машина электрлік күш қозғалысында жылдамдығын 120 км/с-қа жеткізе алады.

Автокөлік қазіргі қауіпсіздік жүйесі бойынша кең спектрмен жабдықталған. Оған тұрақтандырудың динамикалық жүйесі, шина қысымын бақылау жүйесі, артқы көрініс камерасы, "соқыр" аймақты бақылау жүйесі, тағы да басқалар кіреді. Алдыңғы шығарылған нұсқаларындағы жеті қауіпсіздік жастықшасынан өзге жүргізушінің тізесін қорғайтын жаңа жастықша қосылды.

Жаңа гибрид премиум-класс акустикалық жүйесімен және 8 дюймдік дисплейлі борттық навигация комплексімен жабдықталған. Сыртқы дизайны жаңа тұжырымдама бойынша арнайы дайындалды. Көліктің құны әлі белгіленген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети