23 мамыр 2015 | 13:06

10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің аты-жөні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tv7.kz © tv7.kz

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің аты-жөні 22 мамырда белгілі болды. 1963 жылы туылған ер адам Владимир Осинский болып шықты, - деп хабарлайды "7 арна".


Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің аты-жөні 22 мамырда белгілі болды. 1963 жылы туылған ер адам Владимир Осинский болып шықты, - деп хабарлайды "7 арна".

Қазір ол қамауға алынды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"№2 Бостандық аудандық соты Осинскийге қатысты қамауға алу туралы шешім шығарды. Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодекстің 121-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Қаулы өз күшіне енді", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі басшысы Қуандық Ешімбет.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Интернетте алматылық үйлердің кіреберісінде қыз баланың артынан үйге ер адам кіріп, бірнеше секундтан кейін оның қызды зорламақ болғаны бейнеленген видео жарияланған болатын.

Осыдан кейін Алматы полициясы қылмыскерге іздеу жариялады. Ал Интернетте пайда болған видео әлеуметтік желіде кең таралды. 19 мамырда кешкі уақытта күдікті ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети