Қарағанды облысында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты ©Piter.tv

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сәтбаев қаласында төбелестің салдарынан 16 жастағы азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаза болған ер адамның денесінде пышақ іздері табылды. 

Сәтбаев қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушіге сөзге келіспеушілік барысында пышақпен дене жарақаттарын келтірген 15 жастағы жасөспірімді ұстады. "Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети