24 мамыр 2015 | 17:19

Қазақстандық ғалымдар Калачи ауылындағы "ұйқышылдық ауруының" себебін тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық ғалымдар Калачи ауылындағы "ұйқышылдық ауруының" себебін табуға жақын қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Қазақстанның Ұлттық ядро орталығының радиоэкология жөніндегі бас директорының орынбасары Сергей Лукашенкоға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғалымдар Калачи ауылындағы "ұйқышылдық ауруының" себебін табуға жақын қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Қазақстанның Ұлттық ядро орталығының радиоэкология жөніндегі бас директорының орынбасары Сергей Лукашенкоға сілтеме жасап.

Оның пікірінше, "ұйқышылдық ауруына" ауадағы тұншықтырғыш газ бен көмірқышқыл газының үйлесіміндегі оттегінің аз болуынан шалдығады. Агенттіктің хабарлауынша, ғалымдар таяу күндері Калачи ауылының 12 су қоймасынан алған жер асты ауасы мен суының, жер қыртысының қорытындысын қолға түсірді. Бұдан кейін мамандар "ұйқылы ауыл" құбылысының себебін тапты, ендігіде Лукашенконың айтуынша, бұл болжамды алдағы зерттеулерде тексеру керек. "Калачи ауылынан алған сынақта CO уландырғыш газы мен СН көмірқышқыл газының құрамы көп екендігін анықтадық. "Ұйқышылдық ауруының" себебін былай түсіндірер едім: құрамында оттегінің аз мөлшері мен иіс газының және көмірқышқыл газының көп мөлшерде қалыптасқан ауаны жиі жұтудан", - дейді Қазақстанның Ұлттық ядро орталығының радиоэкология жөніндегі бас директорының орынбасары Сергей Лукашенко

Оның айтуынша бұл ауруға нақтылы бір фактордың емес, үш фактордың қосындысы: оттегі мөлшерінің аздығы, CO және СН құрамының көп болуы себеп. Мәселен, қорытындылар бойынша, иіс газының мөлшері рұқсат етілген көрсеткіштен жоғары. Көмірқышқышқыл газы орта деңгейде, ал оттегі өте аз.  

"Бұл құрамдас бөліктердің әрқайсысы қалыпты нормадан асып тұр - сондықтан олардың әрқайсысы жекелей түрде ауруға себеп бола алмаған еді, сондықтан да "ұйқышылдық ауруының" себебі көп уақыт бойы табылмай келді. Ал осы үш бөліктің бірігуі нәтижесінде синергетикалық эффект болады. Олар бір-бірін күшейткенде ғана "ұйқышылдық ауруын" шақырады", - дейді ғалым. 

Айта кетейік, "ұйқышылдық ауруының" белгілері бар науқастар ең бірінші Красногор дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Жергілікті медицина қызметкерлері Tengrinews.kz тілшілеріне берген сұхбаттарында болып жатқан жайттарға қарап, өздерінің де ауылдан көшіп кетуі мүмкін екенін мойындады. Медициналық қызметкерлер өз денсаулықтары үшін алаңдап, ұйықтап қалмау үшін белсендірілген көмір мен дәрумендерді өте көп мөлшерде ішіп жатқанын айтты.

Tengrinews.kz бұған дейін Калачи тұрғындарының прокуратураға арыз жазғаны туралы хабарлаған болатын. Олардың басым бөлігі облыс басшылығының ұйымдастырып отырған халықты көшіру жұмыстарын негізсіз деп есептейді. Калачиден 16 отбасы көшірілді. Ал қалғандары ұсынылып отырған жағдаймен келіспеді, айта кетейік, көшіру басталғанға дейін 219 отбасы немесе 532 тұрғын есепке алынған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer