25 мамыр 2015 | 17:52

"Рэкетир-2" фильмі Қырғызстан мен Ресейде прокатқа шығады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дастен Шәкіров пен Аружан Жазылбекова түсіру алаңында Дастен Шәкіров пен Аружан Жазылбекова түсіру алаңында

Алматыдағы Республика Сарайында "Рэкетир-2" криминалдық драмасының көрсетілімі болды, оған 2 мыңнан аса адам қатысты. Лента қазақстандық прокатқа Қырғызстанмен, Бурятиямен және Саха Республикасымен бірге 28 мамырдан бастап шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Республика Сарайында "Рэкетир-2" криминалдық драмасының көрсетілімі болды, оған 2 мыңнан аса адам қатысты. Лента қазақстандық прокатқа Қырғызстанмен, Бурятиямен және Саха Республикасымен бірге 28 мамырдан бастап шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақан Сатаевтың "Рэкетир" драмасының жалғасында басты рөлдегі Саян Беккәрімов (Саят Исембаев) қылмыстық істерден кетіп, үлгілі отағасы болады. Алайда 10 жыл өткенге оған Бола кезігеді (Дастен Шәкіров) - Жанға (Жан Байжанбаев) сатқындық жасағына үшін өлтірілген, қылмыс әлемінің беделдісі Русланның інісі. Ол ағасының кегін қайтару үшін оның ізіне түсіп, Саяннан көмек сұрайды. 

Бірінші бөлімнен айырмашылығы сиквелде махаббат желісіне баса назар аударылған, фильмнің соңына қарай Руслан үшін кек қайтару тарихын махаббат жаулайды. Жалпы алғанда, сюжет тіркесті емес - үлкен ағасы Болаттың өткен өмірімен байланысты оқиғалар параллель болып жатады, сонымен қатар, өткен бөлімдегі кейіпкерлерден бөлек бір қыз пайда болады. Айта кету керек, Альбина (Аружан Жазылбекова) арқылы бүкіл фильм құрастырылған - ол қарағандылық криминал белсенділері мен алматылық бизнесмендерді байланыстырушы буын болады. 

Ал актерлық құрамға қатысты айтатын болсақ, ерекше ықыласқа Жан Байжанбаев пен Азамат Сатыбалды лайықты, олар бір мезетте көрерменнің өшпенділігі мен аяушылық сезімін тудырады. Аружан Жазылбекова мен Аян Өтепбергеновтің де жұмысы ерекше шыққан, ал қалғандарында кей жерлерінде сенімділік, ашықтық, тіпті ерекше дарындылық жетіспеген сияқты. Бюджеті 900 мың доллар болған "Рэкетир-2" фильмі осы жылдың ең табысты картинасы болады деп күтіліп отыр, себебі мұны сегіз жыл бойы күткендер бар. Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, ол лентаның соңына жаңа кейіпкерлерді қосты, демек үшінші бөлімнің ауылы да алыс емес. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer