25 мамыр 2015 | 14:02

Қазақстандағы үш ірі шенеунікке пара алды деген күдік келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Ақтөбе облысында мемлекеттік кірістер департаментінің шенеунігі 15 мың доллар бопсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында мемлекеттік кірістер департаментінің шенеунігі 15 мың доллар бопсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Антикоррупциялық қызмет бірқатар жүйелі жемқорлық дерегін анықтады, нәтижесінде құзырлы адамдар ұсталды. "Алматы облысы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы қол астындағы қызметкерлермен жүйелі негізде жасаған қылмыстық келісімі арқылы кәсіпкерлерден қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу мен шығару үшін және газбен қамтамасыз ету нысандарына жобаны мақұлдау үшін 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алып отырған", - делінген хабарламада. Күдіктіге қатысты жалпы сомасы 640 мың теңге көлемінде пара алу дерегі анықталды.

"Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің экономикалық тергеу қызметі бөлімінің басшысы ұсталды, ол бір топ адаммен Ақтөбе облысы МКД басқармасының басшысымен алдын ала келісу арқылы "Милхаус" ЖШС басшысын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін бопсалау арқылы 15 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалаған", - деді ведомство өкілдері.

Мұнымен бірге, Павлодардың Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды. "Rashat and Company" ЖШС заңгерімен қылмыстық келісімде болған өртке қарсы қызметтің полковнигі Павлодардағы коммерциялық нысандарды пайдалануға беру туралы актілерді мақұлдау үшін бірнеше рет пара алған. Ол жобаны пайдалануға беру немесе жылжымайтын нысандардың құрылысы үшін пара көлемін 500-1000 доллар деп белгілеген.

Ол 2015 жылдың 22 мамырында делдал арқылы 90 мың теңге көлемінде пара алу күдігі бойынша ұсталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer