25 мамыр 2015 | 14:02

Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген қандай көліктердің тіркеуге алынбайтыны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген қандай автокөліктердің тіркеуге алынбайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген қандай автокөліктердің тіркеуге алынбайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ертеңнен, яғни 26 мамырдан бастап "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін өлшемдерін бекіту туралы" бұйрығы күшіне енеді. Басқа параметрлермен қоса бұйрыққа автокөлік құралдарының шығарындылар нормативінің төртінші экологиялық сыныпқа сәйкестігі, қауіпсіздіктің қосымша жүйелерінің, атап айтқанда жүргізушілердің қауіпсіздік жастықтарының, балаларға арналған автокреслоларды бекітілу құрылғыларының, күндізгі қозғалыстағы жарықтың және тежегіштердің антиблокировкалық жүйесінің болуы жөнінде талаптар енгізілген. Енді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін автокөлік құралдары осы бұйрық талаптарына сәйкес келмесе, олар Қазақстанда тіркеуге алынбайтын болды.

"26 мамырдан бастап бұл талаптарды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін күндізгі қозғалыстағы жарықтың болуы жөніндегі талаптан өзгесі) ішкі істер органдарының қызметкерлері автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу барысында бақылайтын болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл талаптар Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде ескерілген. Алайда ол талаптар тек үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына ғана қатысы бар болатын. Бұл бұйрықтың енгізілуіне байланысты олар Қазақстан аумағына Кеден одағына мүше-елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына да тікелей қатысты болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer