25 мамыр 2015 | 15:47

Ақтөбе облысында аудан әкімі жүкті қызметкерін ренжітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dndz.tv © dndz.tv

Ақтөбе облысында аудан әкімі жүкті қызметкерін ренжітті, - деп хабарлайды "Мой город".


Ақтөбе облысында аудан әкімі жүкті қызметкерін ренжітті, - деп хабарлайды "Мой город".

Порталдың мәліметінше, Аязбай Османғалиев ашу үстінде жүктілік демалысындағы қызметкерін жұмысқа шақырып, жедел жәрдем перзентханаға алып кеткенше жұмыс істеуді ұсынған. Болашақ ана мұны қорлық деп түсініп, тәртіптік кеңеске шағымданды.

"Жанжал жүктілік демалысындағы Елеусізова басқаратын бөлімде жұмыс істейтін адамның қалмауына байланысты туған. Осы мәселемен әкімнің алдына көмек сұрап барған әйелге Османғалиев жұмысқа шығуды ұсыныпты. Тәртіптік кеңестегілер әкім мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзды деп есептеп, оған қатысты сөгіс жариялауды ұсынды", - делінген жарияланымда.

Әкім өз кінәсін мойындап, қызметкерін ренжіткісі келмегенін айтты.

"Мұның ашумен еш қатысы жоқ. 5 жыл бірге жұмыс істеп, осы сөздер үшін ренжиді деп ойламадым. Кім ашуланбайды, ондай-ондай болады. Этиканы бұзғанымды, түсінемін. Әкім ретінде сабырлы болуым керек еді", - дейді ол.

Айта кетейік, әкім бұл оқиғадан соң, тіпті тексеру аяқталғаннан кейін де жүкті әйелден кешірім сұрамағаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети