ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайы кеңейтіледі. Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова мекемеге меңгеруші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайы кеңейтіледі. Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова мекемеге меңгеруші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әскери-тарихи мұражай кеңейтіледі. Көнерген нәрселер жаңартылуы мүмкін. Қандай да бір мәртебе алу үшін Тасмағамбетовпен (ҚР Қорғаныс министрі) кездескім келеді. Ол тарихқа немқұрайлы қарамайды. Мен қуана жұмыс істейтін боламын. Бұл мұражайда анамның жұмыс істеген сәттері әлі есімде. Бұл жерде өте сирек кездесетін экспонаттар, Кеңес Одағы Батыры атағының грамоталары және Щадрин, Шемякин, Момышұлы, Луганскийдің құжаттары сақталған. (...) Әскери-тарихи мұражай 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтың Әскер үйінде орналасқан", - деді Байқадамова.
Қорғаныс министрлігінің әскери тарих мұражайы 1965 жылы Ортаазиялық әскери округтің Офицерлер үйінде ашылды. Мұражай Қазақстан аумағындағы әскери-тарихи жәдігерлер негізінде жұмыс істейді. 1941 жылы Алматыда жасалған Панфилов атындағы 318-8 атқыштар дивизиясының материалы кең таралған. Мұражайда әскери техника, қару-жарақ, шайқас кезінен қалған жәдігерлер, марапаттар және фотодеректі материалдар бөлімдері бар. 1978 жылы архитектор Ратушный, Ералиев, конструктор Развиннің қолдауымен мұражай ғимараты тұрғызылды. Мұражай 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтың Даңқ Мемориалы алаңында орналасқан жалғыз архитектуралық-сәулет ғимараты.