26 мамыр 2015 | 16:12

Божко "Адем" сауда орталығындағы өрттің себебін атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Куәгерлер түсірген сурет Куәгерлер түсірген сурет

Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Божко "Адем" сауда орталығындағы өрттің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Божко "Адем" сауда орталығындағы өрттің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрттің себебі - қауіпсіздік ережесі бұзылған. Бұл біріншіден. Екіншіден - нысандағы күзет қызметінің зердесіздігі. Олар басынан бастап абыржып жүгіріп жүр, бәрі басынан бастап анықтағысы келеді, ғимаратты ашудан қорқады. Ал от лапылдап, температура геометриялық прогрессияға жеткенде, өрт сөндіру қызметінің бар екені естеріне түседі. Біз оларды Алматыда бірнеше рет жинап, айттық: "Жүгірмеңдер. Қалай байқап, иісін сездіңдер, бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласыңдар. Біз келеміз, көмектесеміз. Ал олар меніңше, бір нәрседен қорқады, біз келіп оларға айыппұл салады тағысын тағы деп ойлайды. Бұл ғимараттағы күзеттің субъективті жаңсақтығы", - деді Божко, журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейін "Адем" СО басшылығы жалға алушылардың шығынын толықтай төлеуге сөз берді. Сонымен қатар, әкімшіліктегілер оларға басқа жерден сауда орындарының берілетінін айтты. Айта кетейік, тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer